Сәрсенбі, 18 қараша

Біздің мақсатымыз — оқырманға шынайы, жедел әрі тексерілген ақпарат жеткізу.

Маңызды
Жаңалықтар

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

1 қаралым Оқу уақыты: 1 мин

29 қазанда Тәжікстанда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан ұлттық банктері өкілдерінің төртінші өңірлік кездесуінде ұлттық төлем платформалары мен жедел төлем жүйелерін дамыту, сондай-ақ QR-код стандарттарын енгізу мәселелерін қарастырды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, кездесу қатысушылары ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру туралы Қазақстанның ұсынысын қолдаған.

«Тараптар QR-төлемдердің ұлттық жүйелерін интеграциялау жөніндегі қазақстандық тараптың ұсынысын қолдап, ағымдағы жылдың соңына дейін QR-төлемдердің ұлттық жүйелерінің өзара жұмыс істеу тетігін нақтылауға келісті», – деді Ұлттық банк.

Бұл бастама жүзеге асса, бес елдің тұрғындары шетелде өз банктерінің үйреншікті мобильді қосымшасы арқылы кез келген төлем жасай алады. Сондай-ақ бір-біріне ақшаны жедел аудара алады.

Материалды көшіріп басқанда elaqparat.kz сайтына белсенді сілтеме қою міндетті.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *