Сәрсенбі, 18 қараша

Біздің мақсатымыз — оқырманға шынайы, жедел әрі тексерілген ақпарат жеткізу.

Маңызды
Жаңалықтар

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

2 қаралым Оқу уақыты: 1 мин

Аңсар Айдаров «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жаңа басшыға инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын және электр станцияларының уақытылы іске қосылуын қамтамасыз ету міндеті жүктелмек.

Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері «Самұрық-Қазына» тобының құрылымында жұмыс істейді. Бұған дейін «Самұрық-Энерго» компаниясында жобалық кеңсенің жетекшісі, инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Энергия Семиречья» ЖШС-ін басқарды.

Еске салайық, 28 қазан күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімге компанияның өз міндеттерін тиісті дәрежеде орындамауы себеп болған.

Материалды көшіріп басқанда elaqparat.kz сайтына белсенді сілтеме қою міндетті.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *