Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду саусақтарымен біртүрлі қимыл көрсеткен видео жариялады. Дүйім жұрт бұл ишараның нені білдіретінін және неге дәл қазір жарияланған болжап жатыр
41 жастағы футбол саңлағы әлеуметтік желідегі парақшасында камера алдына шығып, саусақтарымен белгісіз бір бейне жасаған видеосын жүктеді. Роликке жазылған жұмбақ мәтін жанкүйерлерді бұл жаңа ишараның мәнін өз бетінше түсінуге шақырады.
«Түсіндіңіздер ме?» — деп сұрайды Криштиану.
Айта кетерлігі, португалиялық шабуылшы бұл ишараны бірінші рет жасап тұрған жоқ.
21 қазанда Роналду өнер көрсететін сауд арабиялық «Әл-Наср» клубының аккаунтында осыған ұқсас видео жарияланып, бұл белгінің мағынасын табуға шақырған болатын: «Криштиану ештеңе айтпайды. Өздеріңіз табуларыңыз керек».


