Сәрсенбі, 18 қараша

Біздің мақсатымыз — оқырманға шынайы, жедел әрі тексерілген ақпарат жеткізу.

Маңызды
Жаңалықтар

Астана, Алматы және Шымкентте 1-3 қараша аралығында ауа райы қандай болады

1 қаралым Оқу уақыты: 2 мин

«Қазгидромет» қарашаның алғашқы үш күнінде Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, үш қалада да жауын-шашын күтілмейді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана

1 қараша елордада күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундтына 3-8, күндіз 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

2 қараша синоптиктер ауа райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 1-3 градус жылы, күндіз 6-8 градус нөлден жоғары.

3 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде 1-3 градус суық, күндіз 4-6 градус жылы.

Алматы

1 қараша синоптиктер күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Түнде 2-4, күндіз 12-14 градус жылы.

2 қараша күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 14-16 градус нөлден жоғары.

3 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 14-16 градус «плюс» болады.

Шымкент

1 қараша күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.

2 қараша синоптиктер күн райы құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 6-8, күндіз 20-22 градус нөлден жоғары.

3 қарашада күн райы құбылмалы бұлтты болуы мүмкін, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.

Материалды көшіріп басқанда elaqparat.kz сайтына белсенді сілтеме қою міндетті.

Пікір қалдыру

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *