Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх ауыр қылмыстар бойынша айыпталуына байланысты өз беделін қалпына келтіру үшін өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді
Моңғолия президенті не деді?
Ухнаагийн Хүрэлсүхтің айтуынша, кейінгі айда оның есімін қаралап, мемлекет басшысының беделіне нұқсан келтіру әрекеттері бірнеше рет жасалған.
«Моңғолия президентіне ауыр қылмыстар бойынша айып тағылып отыр. Бұған жол беруге бола ма? Мен біраз уақыт бойы болып жатқан жағдайды бақыладым. Бұл – жауапты лауазым. Моңғолияда елді жекелеген адамдар емес, заң басқарады», – деді ол.
Хүрэлсүхтің хабарлауынша, кеше Моңғолия Демократиялық партиясының парламенттік фракциясы оның отставкаға кетуін қолдап, шындықтың ашылуын талап еткен.
Президент бұл талаппен келісетінін мәлімдеді.
«Мен мұнымен келісемін. Моңғолия президенті ретіндегі өкілеттігімді тапсырамын. Маған қатысты тергеу жүргізіліп, абыройым қалпына келтіріледі», – деп толықтырды Хүрэлсүх.






